Примбаев Шынтас Изтлеуович » М.Горький атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"М.Горький атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Примбаев Шынтас Изтлеуович
31
март
2021

Примбаев Шынтас Изтлеуович

Мен Примбаев Шынтас Изтлеуович, 1960 жылы 24 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қасқа-құлан елді мекенінде дүниеге келдім. 1967 жылы 1-сыныпқа барып, 1977 жылы № 82 Т.Г.Шевченка атындағы орта мектепті бітірдім. 
1977-1978 жылдар аралығында қарапайым жұмысшы болып жұмыс істедім. 

1978-1980 жылдарда Ресейдің Архангельск қаласында әскери қызметте болдым. 
1981 жылы КазГу-дің химия факультетіне түсіп, аталған университетті 1986 жылы химия мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1986-1992 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Тоған балық шаруашылығы» елді мекенінде мұғалім және директордың орынбасары болып қызмет істедім.
1993-1995 жылдары КазГу-де инженер-химик болып жұмыс жасадым.
1995-1997 жылдар аралығында Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте мұғалім болып істеп, содан әрі директордың орынбасары қызметін атқардым.  
1997-1999 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде бас маманболып жұмыс жасадым.
1999 жылы М.Горький атындағы орта мектепте мұғалім, директордың орынбасары қызметін атқардым.
2001 жылы, 2004-2008 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде бас маман болып жұмыс істедім.
2008 жылдан – 2014 жылға дейін осы мектепте директордың орынбасары қызметін атқардым.
2014-2015 жылдары осы аудандағы Қойшыбек ауылындағы Қойшыбек орта мектебінде директор болып қызмет жасадым.
2015 жылдан бастап М.Горький атындағы орта мектебінде директор болып қызмет атқарып келемін.
Отбасылымын, жолдасым және үш балам, үш немерем бар. Тұрғылықты жерім  Есік қаласы Мира 8а үйінде тұрамын.