Надырова Санам Азизовна » М.Горький атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"М.Горький атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2021

Надырова Санам Азизовна


Мен Надырова Санам Азизовна 1965 жылдың 17 наурызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақбастау ауылында дүниеге келдім. 1972 жылы 1-сыныпқа барып, 1982 жылы  Ақбастау  атындағы орта мектепті бітірдім.
1982 жылы Есік қаласы, Есік педагогикалық колледжіне «Бастауыш» факультетіне түсіп, 1984 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығын  қызыл дипломмен бітіріп  шықтым. 
1985 жылы Алматы қаласы, Абай атындағы педагогикалық университетінің «Биология» факультетіне түсіп, 1990  жылы биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым.
1985 – 1990 жылдар аралығында Сайрам ауданы, Шымкент қаласы, Кеңес ауылында К.Тіленшін мектебінде еңбек жолымды бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.
1990 жылы Сайрам ауданы, Шымкент қаласы, Кеңес ауылында К.Тіленшін мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
2008 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылының М.Горький атындағы орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі ретінде жұмысқа кірдім.
2010 жылы осы аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
2010 жылы биология және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келемін.
Тұрмыс құрғанмын, жолдасым және үш балам, үш немерем бар. Тұрғылықты жерім  Бөлек ауылы, Астана 6/2 үйінде тұрамын.