Абдиева Гулпа Джексембаевна » М.Горький атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"М.Горький атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абдиева Гулпа Джексембаевна
31
март
2021

Абдиева Гулпа Джексембаевна

Мен Абдиева Гулпа Джексембаевна 1961 жылдың 4 қарашасында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Александровка ауылында дүниеге келдім. 1969 жылы 1-сыныпқа барып, 1979 жылы Александровка орта мектебін бітірдім.
1881 жылы тігін цехта тігінші болып жұмыс атқардым. 
1983 жылы Алматы қаласы, Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының «Педагогика және психология» факультетіне түсіп, 1987 жылы педагогика-психология мектепке дейінгі мамандығын бітіріп  шықтым. 
1987 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Шақат ауылында бала бақшада тәрбиеші болып жұмыс істедім.
1989-1995 жыл аралығында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Александровка ауылында бала бақшада тәрбиеші болып жұмыс істедім.
1995 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек ауылы, М.Горький атындағы орта мектебіне жұмысқа орналастым.
1998 жылдан бастап  аталған мектепте психолог болып жұмыс атқарып келемін.
Тұрмыс құрғанмын, жолдасым және бір балам, екі немерем бар. Тұрғылықты жерім  Бөлек ауылы, Бейбітшілік 11/2 үйінде тұрамын.