Ауганбаева Жанар Орынбасаровна » М.Горький атындағы орта мектеп
"Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"М.Горький атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауганбаева Жанар Орынбасаровна
31
март
2021

Ауганбаева Жанар Орынбасаровна

Ауганбаева Жанар Орынбасаровна 21.06.1986 жылы дүниеге келген. 2004-2008жж әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Филология:қазақ тілі» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі-11 жыл.
2008-2014  жылдары   Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінде   педагог-ұйымдастырушы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2015жылдан бастап  М.Горький   атындағы орта мектебінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.
2019-2020 оқу жылынан бастап аталған оқу мекемесінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. 
Мұғалімнің   өзекті мәселесі :«Оқу үрдісінде ,сыни тұрғысынан ойлауды дамыта отырып, жас ұрпаққа   сапалы білім беріп,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қызығушылығын арттыру» 
Педагог өз  іс-әрекеттерінің  нәтижелерін тек талдап  немесе сынақ   түрінде  бағалап қана  қоймай,   алғыр  ойларымен  бөлісіп, шығармашылық байқауларға  оқушыларды   белсене  қатыстырып  отырады. 2020 жылы «Педогог-сарапшы» біліктілік тестілеуінен өтті.
2019-2020 оқу жылында  www.nio.kz Республикалық Ұлттық интернет Олимпиада сайты Қазақ тілі пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына 8 «В» сынып оқушылары Тынышбай Айым және Шахова Дарья қатысып І дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты оқушылар арасында ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеттену ғылымдарының негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы ІV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына
 9 «Б» сынып оқушысы Дүзелбаев Ахмет қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
2018-2019 оқу жылында  www.intolimp.kz-оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Көркем сөз» атты шығармашылық байқауда 5 «А» сынып оқушысы Әсілбек Гүлсезім   І орын алып, өз өнерімен үздік деп танылды. 
2017-2018 оқу жылында Дүзелбаев Ахмет Абай оқуларына қатысып,   «Көркем сөз» номинациясымен марапатталды.
Соңғы үш жылда білім сапа мен көрсеткіші төмендегідей:
2017-2018 оқу жылында 52%  
2018-2019 оқу жылында 63%  
2019-2020 оқу жылында 74%  
Біліктілігін арттыру  туралы   мәлімет: 
09.06. 2017 ж.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы   әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлемінде мектепішілік курсының куәлігі № 4    
24.11.2017ж «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы  әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсының сертификаты  № 017138 
27.11.2017ж Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 344 академиялық сағат көлемінде мұғалімдерді оқыту курсының куәлігі
 № 003178 және сертификаты № 004900 
17.02.2017ж «Қазақ тілін оқытудағы заманауи ізденістер мен педагог шеберханасы» тақырыбында біліктілікті арттыру/қайта даярлау курсының сертификаты №1561
18.04.2017ж қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша Базалық (А2) деңгейін меңгергендігін растайтын сертификаты №3092142
04.05.2017ж Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 160 академиялық сағат көлемінде оқу курсының сертификаты № 000565
09.11.2018ж Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсының куәлігі №092061 және сертификаты №000051
Мадақтамалар:
2016ж.  Грамота- Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 
2017ж. Грамота-  Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 
2017 ж. Алғыс хат- «Қазақ тілін оқытудағы заманауи ізденістер мен педагог шеберханасы» тақырбындағы курстың аясында «Жеке шығармашылық шебер
хана» семинар-тренингіне белсене қатысқаны үшін берілді. 
2018ж. Алғыс хат- Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқауларға шәкірттерді дайындағаны үшін марапатталды. 
2020ж ІІ дәрежелі Диплом- «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы.
2020ж ІІ дәрежелі Диплом-ҚР Тұңғыш Перзиденті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеттену ғылымдарының негізін салушы ғалым А.Байтұрсынұлы атындағы ІV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының жүлдегері.
2020ж І дәрежелі Диплом-«Сәуір» айында өткізілген Республикалық «Қазақ тілі» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы. 
2020ж Алғыс хат- Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 
2020 ж. Мектепішілік алғыс хат.